Қазіргі таңда қаржылық сауаттылық жастар үшін шет тілдерін меңгеру немесе цифрлық сауаттылық сияқты маңызды дағдыға айналды. Ақшаны дұрыс басқару, кредиттерді тиімді пайдалану, жинақтарды қалыптастыру және қаржылық тұзақтардан аулақ болу өмір сапасына және болашаққа деген сенімділікке тікелей әсер етеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық ғылыми-зерттеу университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Енді Астана қаласының студенттері мен жастары оқу курстарына, лекциялар мен вебинарларға қатысып, кең ауқымды мәселелер бойынша мамандардан консультациялар алуға мүмкіндік алады.
Арнайы назар практикалық дағдыларға бөлінетін болады: жеке қаржыларды басқару, шығындарды жоспарлау, жинақтау, инвестициялаудың негіздері, кредиттерге жауапкершілікпен қарау және қаржылық қауіпсіздік мәселелері.
Fingramota.kz жобасы аясындағы ынтымақтастық студенттерге тек теориялық біліммен ғана емес, сондай-ақ болашақта оларға көмектесетін нақты құралдармен қамтамасыз етеді. Бұл отбасылық бюджетті дұрыс құру, қаржылық өнімдерді таңдау немесе алаяқтықтан қорғау сияқты мәселелерді қамтиды.
Агенттік еліміздің білім беру мекемелерімен серіктестіктерін кеңейтуді тұрақты түрде жалғастыруда. Бұған дейін Қазақстанның бірқатар жетекші жоғары оқу орындарымен осындай меморандумдар қол қойылды: Нархоз университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Almaty Management University, Тұран университеті, ҚазНИТУ К.Сатпаев атындағы университеті, сондай-ақ Тұран университетінің колледжі мен Алматы экономикалық колледжі.
Осылайша, жастар арасында қаржылық мәдениетті дамыту үшін берік негіз қалыптасуда. Себебі бүгінгі студенттер ертең ел экономикасының белсенді қатысушылары болады, ал олардың қаржылық сауаттылығы — Қазақстанның тұрақты болашағының кепілі.
Әлеуметтік желілердегі алаяқтық: өзіңізді қалай қорғау керек?
Болашақ көшбасшылар үшін қаржылық сауаттылық: Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Дропперлік: алаяқтық схемаға қалай серіктес болып қалмау керек
Сенгіштік сіздің осал тұсыңыз болғанда: қарт адамдарды қаржы алаяқтарынан қалай қорғауға болады
Балалар Желіде: оларды қауіп-қатерлерден қалай қорғауға болады
3 миллионнан астам азамат кредит беруге ерікті түрде тыйым қойды