Зейнеткерлік демалысқа ресми түрде шығуды күтпей-ақ зейнетақы төлемдерін алуға болады, мұндай мүмкіндікті зейнетақы аннуитеті ұсынады. Атауында «зейнетақы» сөзі болса да, бұл құрал сақтандыру саласына қатысты. Fingramota.kz ол туралы толығырақ айтып береді.
Зейнетақы аннуитеті – бұл өмірді сақтандыру компаниялары ұсынатын және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ) салымшыларына зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда, белгіленген мерзімнен бұрын «зейнетақы» алуды бастауға мүмкіндік беретін өнім.
Бүгінгі таңда, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша 61 мыңнан астам адамның өмірді сақтандыру компанияларында 300 млрд теңгеден астам жалпы сомаға зейнетақы аннуитеті шарты бар, яғни олар өзіне өмір бойғы зейнетақы төлемдеріне кепілдік жасап алған.
Зейнетақы аннуитеті өнімдерінің желісін кеңейту мақсатында зейнетақы аннуитеті шартына бір адамның емес, ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстардың қатысуын көздейтін бірлескен аннуитеттер қарастырылады.
Бірлескен аннуитет жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге және аннуитет шарты бойынша кірістерді қайта бөлуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер ерлі-зайыптының біреуінде өмірді сақтандыру бойынша компаниядан аннуитетті сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артылып жатса, онда бірлескен зейнетақы аннуитеті арқылы екеуіне де өмір бойы төлемдер қамтамасыз етіледі.
Мұндай жаңа енгізілімдер зейнетақы аннуитеті шартын зейнетақы жүйесі дамыған мемлекеттердегі зейнетақы жоспарларына ұқсас зейнетақыны жоспарлаудың тиімді құралы етеді. Бұл азаматтарға өзінің мақсаттары мен қажеттіліктеріне қарай зейнетақы төлемдерінің нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді.
Өзінің болашақ «зейнетақысы» туралы ойлайтындар үшін Fingramota.kz-тен кеңестер:
1) Табысыңыз ресми болатын жерде жұмыс істеңіз. БЖЗҚ-дағы шотыңызда жарналар сомасы қаншалықты көп тіркелсе, зейнетақы да соншалықты көп болады.
2) Жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға жарналар төлейтінін бақылаңыз. Есіңізде болсын, сізге жарналар есептелмейтін жұмыс кезеңдері зейнетақы тағайындау үшін қажетті еңбек өтіліне кірмейді.
3) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ жай-күйі туралы көшірмені әрдайым мұқият зерделеңіз. Әрбір жаңа көшірмені алдыңғысымен салыстыра отырып, сіз өзіңіздің жинақтарыңыздың сомасы қартайған шағыңызға ұлғайғанын немесе ұлғаймағанын қадағалай аласыз.
Толығырақ «Сақтандыру» бөлімінен оқыңыздар
Алматы қаласының 12 колледжінің студенттері қаржылық сауаттылық жөніндегі кейс-чемпионатқа қатысты
Жаңаның барлығы – ұмытылған ескі дүние, немесе Қазақстанда алаяқтық схемалардың қандай жаңа түрлері...
Кері байланыс: азаматтардың сәуір айынды жие қойылған сауалдарына жауаптар
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Кері байланыс: қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жиі қоятын жауаптар
Кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері...