Fingramota.kz балаларға арналған қаржы детективінің тоғызыншы шығарылымын ұсынады

time 18.11.2022
aye 3494
Fingramota.kz балаларға арналған қаржы детективінің тоғызыншы шығарылымын ұсынады

Кезекті шығарылымда басты кейіпкерлер Мұрат, Ерке және Алиша фишингтің не екенін және неліктен электрондық поштаға келетін күдікті сілтемелерді басуға болмайтынын, сондай-ақ Ақшажегішпен қайта кездесетінін біледі.

Оқиға желісі оқушыларға осы материалды оңай игеруге көмектесетін квест-бродилка ойынының элементтері бар детектив-ертегі түрінде құрылған. Шығарылымда сондай-ақ «Фишер-балықшының  торына түспеу үшін не істеу қажет?» және «Балықшылар мен балықтар» атты экономикалық ойын-лабиринті бар, олар жас оқырмандарға өткен материалды бекітуге мүмкіндік береді.

Балаларға арналған қаржы детективі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық бойынша арнайы қосымшасы аясында «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде қазақ және орыс тілдерінде шығатынын еске саламыз. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.

Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге