Онлайн- қарыз алу күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналғаны қашан: сіз үйден шықпай-ақ бірнеше минут ішінде кредит ала аласыз. Алайда, оның
әп-сәтте, оңай ресімделуін көп жағдайда алаяқтар пайдаланып кетеді немесе асығыс қаржылық шешімдер қабылдауға әкеледі. Азаматтарды қорғау үшін Қазақстанда онлайн-қарыздар беру кезінде шешім қабылдау кезеңі енгізілді.
Fingramota.kz сізге шешім қабылдау кезеңі не үшін енгізілгенін, ол азаматтарды қалай қорғайтынын және нақты мысалдармен бұл тетіктің қалай жұмыс істейтінін айтып береді.
Шешім қабылдау кезеңі деген не?
Шешім қабылдау кезеңі — бұл онлайн қарызды мақұлдау мен ақшаны қарыз алушыға іс жүзінде аудару арасындағы уақыт. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл асықпай ойлануға және қажет болған жағдайда айыппұлдар мен комиссияларсыз қарыздан бас тартуға арналған аралық уақыт. Онлайн қарызды үйден шықпай-ақ ақша алудың жылдам әрі ыңғайлы тәсілі болғанына қарамастан, оның тәуекелдері де бар. Ең алдымен, бұл қаржылық және кибер алаяқтық, сондай-ақ кейін адамдар өкініп жататын импульсивті шешімдер қабылдау тәуекелдері.
Шешім қабылдау кезеңі не үшін енгізілген?
Негізгі мақсат - азаматтарды қорғау.
Шешім қабылдау кезеңі:
- алаяқтардың қысымымен ресімделген қарыздар санын азайтуға;
- кредитті асығыс немесе эмоциялармен алатын жағдайлардың алдын алуға;
- адамға қорқыныш сезімінен, стресс немесе алданып емес, саналы түрде шешім қабылдауға мүмкіндік беруге;
- халықтың борыш жүктемесінің өсуін қысқартуға ықпал етеді.
Көптеген алаяқтық схемаларда қаскүнемдер өз құрбанын «дереу қажет», «ақша текке күйіп кетеді», «дәл қазір ресімдеңіз» деп асықтырады. Шешім қабылдау кезеңі мұндай схеманы жоққа шығарады, себебі ақша бірден түспейді.
Шешім қабылдау кезеңі мынадай ретпен жүреді:
Ақша бірден аударылмайды.
Шешім қабылдау кезеңі басталады — белгіленген күту уақыты.
Осы мерзім ішінде қарыз алушы:
Егер адам өз ойын өзгертсе, ол комиссиясыз және айыппұлсыз қарыз алудан бас тарта алады.
Бұл тетік бірінші онлайн қарыз кезінде немесе ірі сомаға қарыз ресімдеу кезінде айтарлықтай қорғайды. Сондай-ақ, бұл тетік зейнетақы түрінде тұрақты кіріс бар зейнеткерлер үшін жұмыс істейді.
«Шешім қабылдау кезеңі» қандай қарыздарға қолданылады?
Қағида тек тұтынушылардың кепілсіз онлайн-қарыздары үшін жарамды.
Ол тауарлық кредиттерге қолданылмайды (яғни тауарлар сатып алу үшін алынған кредиттер).
Егер олар 150 АЕК лимитінен аспаса, кредиттік карта шеңберіндегі қарыздарға қолданылмайды.
Ол сондай-ақ ішкі қайта қаржыландыруға қолданылмайды (яғни, егер қарыз сол ұйым шеңберінде қайта қаржыландырылса).
Күніне бірнеше қарыз: егер қарыз алушы бір күн ішінде бірнеше кредит ресімдесе және олардың жалпы сомасы лимиттерден асып кетсе, шешім қабылдау кезеңі сонда да міндетті болып табылады.
Балама – өзі барып өтініш беру: егер ақша шұғыл қажет болса және қарыз алушы онлайн қарыз алу үшін бірінші рет жүгінсе, онда ол банк бөлімшесіне немесе МҚҰ-ға жүгінуі керек.
Шешім қабылдау кезеңі онлайн қарыздың қандай сомасына қолданылады?
«Шешім қабылдау кезеңі» ұзақтығы қарыз сомасына байланысты:
Келіскеннен кейін ғана ақша аудару: шешім қабылдау кезеңі аяқталғаннан кейін қарыз алушы «электрондық үкімет» веб-порталында кредиттік бюрода ресімделген келісімді беру арқылы не кредиторды ақпараттандыру объектілері арқылы қарыз алу ниетін растауға тиіс.
Қарыз алушының бас тартуы: егер «шешім қабылдау кезеңі» ішінде қарыз алушы қарыздан бас тарту туралы шешім қабылдаса, шарт жойылады және ақша аударуды кредитор жүргізбейді.

Маңызды! Шешім қабылдау кезеңі қарыз алуға тыйым салмайды, тек адамға ойлануға уақыт береді. Қарыз мақұлдануы мүмкін, бірақ ақша бірден келмейді. Шешім қабылдау кезеңінде айыппұлсыз бас тартуға болады. «Ақша аударудың» шұғыл талаптары әрдайым алаяқтықтың белгісі болып табылады. Банктер мен МҚҰ қысыммен жедел әрекет етуді талап етпейді.
Толығырақ "Кредиттер" бөлімінен оқыңыздар
Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер: инвестор үшін нені білу маңызды
Кредит алдындағы кідірту: онлайн- қарыздар кезіндегі шешім қабылдау кезеңі
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Жаңа қағидалар: коллекторлар бұдан былай борышкерлермен қалай жұмыс істейді
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт