Қор нарығына жергілікті жеке және шетелдік инвесторларды кеңінен тарту үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Халықтық IPO форматының тәсілдерін айқындайды. Бұл туралы Үкіметтің отырысында ҚНРДА Төрағасы Мәдина Әбілқасымова хабарлады дейді Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі.
«Шағын және орта капиталы бар жеке қазақстандық эмитенттер санын ұлғайту міндеті тұр. Ол үшін Агенттік салықтық және өзге де талаптарды әзірлейді», - деді ол.
Мәдина Әбілқасымова компаниялардың қор нарығына шығуы үшін олардың ашықтығы мен корпоративтік басқару сапасын арттыру жүйелік шара болып табылатынын түсіндірді. Ол үшін 2021 жылы Ұлттық корпоративтік басқару кодексі дайындалатын болады.
«Сақтандыру нарығын дамыту үшін мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді жинақтап сақтандыруды субсидиялау бойынша заңнамалық шаралар топтамасы қабылданады. Сонымен бірге «жалпы сақтандыру» саласының жекелеген операцияларын КЖТТҚ режимінен шығару жоспарланып отыр», - деді ол.
Агенттік қаржы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын, оның ішінде тәуекелге бағдарланған қадағалау құралдарын кеңейту арқылы қамтамасыз етеді. Банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және бизнесті кредиттеу үшін 2020 жылы енгізілген пруденциялық реттеу шаралары қайта қаралады.
«Қаржы нарығын дамытудың орта мерзімді перспективадағы стратегиялық бағыттарын айқындау үшін ағымдағы жылы Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленеді», - деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.
Жұмыс істемейтін активтердің өтімді нарығын құру мақсатында құқықтық және салық кедергілерін жою үшін, сондай-ақ стрестік активтер нарығына жеке басқарушы компанияларды тарту үшін заңнамалық түзетулер әзірленеді.
Зейнетақы жинақтары: соңғы кезде не өзгерді және бұл болашақ зейнетақыға қалай әсер етеді
Қазақстандықтар қандай құралдарға инвестиция салады және қаражат салмас бұрын нені білу маңызды
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын жеке компанияларға басқаруға қалай бере алады
Қатесіз мұрагерлік: мүлкіңізді жоғалтпау үшін нені білу маңызды