Fingramota.kz жастарға арналған «OYLA» ғылыми-танымдық журналымен ынтымақтастығын қайта бастайды.
«OYLA» журналының маусымдағы шығарылымында орта және жоғары жастағы мектеп оқушыларына арналған, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған арнайы бет мемлекеттік тілде және орыс тілінде шықты. Арнайы беттің тақырыбы: «Балаларды ақша жұмсауға үйретеміз».
Түсінікті тілмен жазылған танымдық ақпарат, пайдалы лайфхактар, бейнелі иллюстрациялар – осының бәрі жас оқырмандарға ақшаны дұрыс жұмсау дағдыларына меңгеруге, отбасында ақшаның қайдан пайда болатынын түсінуге, ақшаның есепті жақсы көретінін ұғынуға және ақшаны жинақтауға үйретуге көмектеседі.
«OYLA» журналындағы Fingramota.kz арнайы беті ай сайын шығады. Келесі шығарылымда біз кредиттің не екендігі, бұл қаржы құралын қалай дұрыс пайдалану қажеттілігі, кредиттік жауапкершілік дегеніміз не және өз кредиттік тарихыңды тұрақты түрде тексерудің маңыздылығы туралы айтып береміз.
Балаға кішкентай кезінен бастап дұрыс қаржылық әдетті қалыптастырып, қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыздар!
Авто-айлакерлік: жолдағы алаяқтар қалай жұмыс істейді және сақтандыру неге сіздің қорғаныңыз бола ал...
Қазақстан азаматтарды қаржылық алаяқтардан қалай қорғайды
«Алдымен өзіңе төле»: неге бұл қағида бәріне бірдей жұмыс істемейді
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Қарыз тұзағынан шығудың жаңа мүмкіндігі: Finkelisim платформасы кредиттерді реттеу тәсілін қалай өзг...
Проблемалық кредиттер: банк және микроқаржы омбудсмандарына жүгініңіз