Қазақстанда сақтандыру омбудсманы 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Дегенмен, осы күнге дейін сақтандыру омбудсманының қандай жұмыс істейтінін және қандай мәселелер бойынша оған хабарласуға болатынын сақтандырушылардың барлығы біле бермейді.
Сақтандыру омбудсманы – негізгі қызметі сақтандыру компаниялары мен олардың клиенттері арасындағы жасалған сақтандыру шарттары бойынша дауларды соттан тыс шешу болып табылатын тәуелсіз тұлға.
Сақтандыру ұйымының клиенті үшін сақтандыру омбудсманының қызметтері тегін көрсетіледі.
Көбінесе сақтандыру омбудсманына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖМС) шеңберінде сақтандыру төлемінің сомасына, көлік құралына келтірілген залалдың мөлшерін бағалауға, төлеуден бас тартуға және т.б. байланысты даулар бойынша жүгінеді.
Бұл ретте сақтандыру омбудсманы КҚИ АҚЖМС шеңберінде ғана емес, жеке тұлғалар немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері сақтандырушы (сақтандырылушы, пайда алушы) ретінде әрекет ететін сақтандырудың барлық түрлеріне қатысты дауларды шешумен айналысады. Басқа заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына тек КҚИ АҚЖМС сақтандыру сыныбы бойынша ғана жүгіне алады.
Сақтандыру омбудсманының қарастыруға құқығы бар даулар бойынша талаптардың мөлшері 10 000 АЕК-тен аспауы керек, бұл 2022 жылға 30 630 000 теңгеге тең.
Тағы бір маңызды жайт, сақтандыру омбудсманының шешімі сақтандыру компаниясы үшін міндетті болып табылады. Яғни, уәкілетті органның немесе соттың шешімдерін орындау міндеттелген сияқты сақтандырушыға сақтандыру омбудсманының шешімін орындау да міндетті.
Әрине, сақтандыру ұйымының клиенті сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда, клиент өз құқықтарын қорғау үшін тікелей уәкілетті органға немесе сотқа жүгінуге құқылы. Сақтандыру омбудсманының www.insurance-ombudsman.kz ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, өткен жылы сақтандыру омбудсманы 538 дауды қараған, оның ішінде бір дау қатысушысының талап-арызымен омбудсманның тек 1 шешімінің күші сотпен жойылған.
Сақтандыру қызметтерін тұтынушылар сақтандыру омбудсманының кеңсесіне келесі байланыс деректері бойынша хабарласа алады: телефоны: (727) 382-41-74, электрондық поштасы office@omb.kz, сайты www.insurance-ombudsman.kz, мекенжайы: Алматы қ., 28/7 Рысқұлбеков көш., «Бай-Тал» тұрғын үй кешенінің аумағы, 2 қабат.
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды