Талдықорғанда кәсіпкер әйелдерге арналған қаржылық сауаттылық бойынша тренинг өтті

time 5.04.2023
aye 4191
Талдықорғанда кәсіпкер әйелдерге арналған қаржылық сауаттылық бойынша тренинг өтті

Solva микроқаржы ұйымы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Әйелдер ісі» білім беру платформасы шеңберінде кәсіпкер әйелдерге арналған оқыту тренингін өткізді.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, олардың алдында кәсіпкер әйелдер арасында базалық қаржылық білімнің тапшылығын толтыру, сол арқылы оларға өз істерін тиімді басқаруға көмектесу, нәтижесінде өңірлерде өмір сүру сапасын арттыру міндеті тұрды.

Агенттік атынан Талдықорған қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының бас маманы Азат Абдуллин сөз сөйледі.

«Агенттік Халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде өңірлерге баса назар аудара отырып, барлық нысаналы топтарды қаржылық ағарту бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Бұл жұмыс бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылуда, олардың бірі – жауапты кредит беру, инвестициялық сауаттылық, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және онлайн-алаяқтық пен қаржы пирамидаларынан қорғау тәсілдері тақырыптары бойынша тренингтер, дәрістер, вебинарлар түріндегі оқыту іс – шаралары», - деп атап өтті қаржы реттеушісінің өкілі, ол Агенттіктің қызметі, негізгі міндеттері және қаржы ұйымдарымен, МҚҰ, коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарға консультация беру үшін кері байланыс арналары туралы толығырақ айтып берді.

«Қазіргі әйелдер Қазақстанның экономикалық өмірінің белсенді қатысушылары, олар өздерінің бизнес-жобаларын іске қосудан және дамытудан қорықпайды. Алайда, біздің клиенттеріміздің айтуынша, олардың ісін дамытудағы кедергілердің бірі - бизнестің қаржылық жағы қалай жұмыс істейтіні туралы сапалы білімнің болмауы және бұл өте үлкен әлеуетке ие болса да, істің құлдырауына әкелуі мүмкін .

Біздің тренингте кәсіпкер әйелдер өз қаржысын басқару, бюджетті жоспарлау, кредит қаражатын сауатты пайдалану туралы нақты сұрақтарға жауап алатынына сенімдіміз . Біз бастамамызды қолдағаны үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және серіктестерімізге, «№1 Қаржылық сауаттылық мектебіне» алғыс айтамыз. Биылғы жылдың алғашқы тренингі Талдықорған әйелдеріне пайдалы болады, сондай-ақ оларды бизнесте жаңа жетістіктерге шабыттандырады деп үміттенеміз», - деп түсіндірді «ОнлайнҚазҚаржы» АҚ-тың (Solva) бас директоры Анна Максимова .

Қаржылық сауаттылық жөніндегі тренингтерге спикерлер мен тәлімгерлер ретінде «№1 Қаржылық сауаттылық мектебінің» өкілдері Ақжүніс Брасилова мен Зарима Атабаева қатысты.

« 2022 жылы «Әйел және ақша» циклі аясында өткізілген тренингтер тек жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін ғана емес, өз бизнесін бастауды жоспарлап жүргендер үшін де үлкен қызығушылық, нақты қажеттілік және практикалық пайда көрсетті . Тренингке 400-ден астам қатысушы қаржылық сауаттылықтың маңызды құралдарын игерді, олар бұл құралдарды өздерінің күнделікті өмірлеріне енгізіп үлгерді деп үміттенемін. Solva компаниясының кәсіпкер әйелдерді оқыту бойынша бастамасы тым заманауи болып шықты әрі бізді осындай үлкен жобаға қатысатынымыз қуантады. Биыл біз өзекті тақырыптар мен практикалық бағыттылық ескерілген тренинг бағдарламасын жаңарттық, географияны кеңейтеміз және жоба өңірлерде шағын және орта бизнесті дамыту саласында нақты пайда әкеледі деген сенімдеміз»,- деп, Алматы қаласындағы №1 Қаржылық сауаттылық мектебінің басшысы Ақжүніс Брасилова атап өтті.

Solva компаниясы «Әйелдер және ақша» тренингтерін 2022 жылдан бастап Агенттіктің Fingramota.kz қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі жобасының шеңберінде өткізіп келеді. Білім беру платформасын іске асырған бүкіл кезең ішінде 5 қала мен елді мекенді қамтыды: Астана, Қарағанды, Түркістан, Шымкент және Шелек.

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде өтеді, тренингтерге қатысу – тегін. Тренингке қатысқысы келетін әйелдер мынадай:

https://forms.gle/sruYd1aexMv2KEEX8 сілтемесі арқылы нысанды толтыра отырып, алдын ала онлайн тіркелуі қажет.

2023 жылғы 15 сәуірде әйелдер аудиториясына арналған келесі тренингтің Павлодарда өтетінін атап өтеміз. Агенттіктің қызметі туралы, оның негізгі міндеттері мен функциялары туралы, сондай-ақ кәсіпкерлер алаяқтардың арбауына түсіп қалмауы туралы таныстырылыммен Агенттіктің сыртқы коммуникациялар басқармасының бас маманы Дмитрий Акмаев сөз сөйлейді.

white-arrow Тізімге