Жинаққор, жинақтар және инвестициялар: неге эмоцияға берілмеу керек

time 4.03.2022
aye 7048
Жинаққор, жинақтар және инвестициялар: неге эмоцияға берілмеу керек

Геосаяси ахуалдың ушығуы аясында қаржы сарапшылары халыққа эмоцияға берілмей, сабыр сақтап, жинаққорларын мейлінше сақтап қалуға кеңес беруде.  Қалыптасқан ахуалды Fingramota.kz-пен бірге қарастыралық.

 

Қаржы нарықтарында ірі күйзелістер болған кезде қаржылай қауіпсіздік жастығы түріндегі беріктік қоры жоқ азаматтар бей-берекет және өте эмоциялы түрде әрекет ете бастайды. Шетел валютасын алу үшін біреулер салымдарын ала бастайды, енді біреулері кредит ресімдейді, ал кейбіреулері айналасындағы дүрбелеңге еріп, екінші телевизор немесе үшінші гаджетті сатып алып, техникаға және басқа да тауарларға «инвестициялайды». Егер сіз осыны істемесеңіз, жинақтарыңызды барынша сақтап, резервтік қор қалыптастыра бастауға кеңес береміз.

Кім қызбаланып әрекет етсе, сол көбіне ақшасынан айырылады. Сауатты және икемді етіп жасалған қаржылық жоспардың, қауіпсіздік жастығының болуының арқасында сіз қиын кезеңнен қиналмай өтіп, жаңа нарықтық жағдайларға жеңіл бейімделесіз.

Қаржылық қауіпсіздік жастығы – бұл сіздің үнемі аударып отыру арқылы қалыптасатын резервтік қорыңыз. Қаржылық жастықтың мөлшері кемінде 6 айлық жалақыдан тұрғаны абзал. Бұл ақша қаржылай шығыстарды талап ететін төтенше жағдай туындаған жағдайда ғана пайдалануға арналған.

Жеке қаржылық жоспар немесе оны қаржылық тәртіп сақталған жағдайда, адасуға жол бермейтін Жол картасы деп атауға болады. Сондықтан, бірінші кезекте, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарыңызды анықтап алыңыз. Оларды жазып қойған дұрыс және қажет болған кезде жаңартып немесе толықтырып отырған жөн. Шынайы өмір мен басымдықты ескере отырып, оларды үнемі түзетіп тұруға тура келеді, мұны қаржы сарапшылары қалыпты деп санайды.

Өзіңіздің қаржылық жоспарыңызды мезгіл-мезгіл қарап тұрыңыз және, есіңізде болсын, шығыстар мен кірістерді жоспарлау – бұл қаржылық табыстың негізі. Қажетсіз шығындардан арылыңыз, ақшаны үнемдей, жинай бастаңыз, пассив кіріс алудың түрлі тәсілдерін қарастырыңыз.

Биржалық индекстердің құлдырауына қызығушылық танытқан, жаңа бастаған инвесторлар, қор нарығында инвестициялау тәжірибесі жоқ адамдар болашақта көңілі қалмас үшін бұл бизнесті кәсіби трейдерлерге сеніп бергені дұрыс. Теңгерімді портфелі бар бөлшек инвесторлар эмоцияға берілмеуі керек, олар ойланбастан мәмілелер жасауға әкелуі және болашақта инвестициялардың қаржылық нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін. Ең дұрысы көбірек тартымды ұзақ мерзімді бағдарлар мен стратегияларды ұстану. 

Қаражат салудың сенімді көздерінің бірі банк депозиті болып табылады. Қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және теңгемен депозиттердің тартымдылығын қолдау мақсатында Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесе отырып, бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) есептеуді көздейтін Теңгемен салымдарды қорғау бағдарламасын жүзеге асыруда. 

Бағдарламаға қандай салымдар қатысады? Бұл ең кең тараған,  Қазақстанның әрбір екінші деңгейдегі банктерінде пайыздық мөлшерлемемен қолжетімді, сондай-ақ мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі қарастырылған, теңгемен салынған мерзімсіз, мерзімді депозиттер, теңгемен жинақтау депозиттері, «Отбасы банк» АҚ-тағы тұрғын үй құрылыс жинақ депозиттері, сондай-ақ мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде ашылған салымдар. 

Бағдарлама қандай салымдарға таралмайды? Ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі депозиттер мен шартты депозиттерге қолданылмайды.

Толығырақ "Бюджетті жоспарлаймыз" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге