Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылы халықтың қаржылық сауаттылық деңгейіне әлеуметтанушылық зерттеу жүргізді. Пікіртерімге Қазақстанның барлық өңірінен 18-63 жас аралығындағы 5 мың адам қатысты.
Fingramota.kz әлеуметтанушылық зерттеудің негізгі көрсеткіштерімен таныстырады
2025 жылы қаржылық сауаттылық индексі 41,5%-ды құрады, бұл
2024 жылғы көрсеткіштен (41,2%) сәл асты және соңғы бес жылда байқалған тұрақты өсу үрдісін растайды (2024 ж. – 41,2%, 2023ж. – 40,5%, 2022 ж. – 40,3%, 2021 ж. – 39,52%, 2020 ж. – 39,07%).Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы біртіндеп өсіп келеді және білімі күнделікті әдеттерінен көрініс табуда. Дегенмен, дағдының дамуы біркелкі емес. Ең әлсіз көрсеткіш – жеке қаржыны басқару саласында (32,5%). Бұл дегеніміз, көптеген адам бюджетті жоспарлауды, үнемі үнемдеуді және шығындарын ұтымды бөлуді білмейді. Сондықтан да практикалық дағдыларға: шығындарды бақылауға, резервтерді қалыптастыруға және саналы тұтынуға баса назар аудару керек.
Екінші жағынан, ең жақсы нәтижелер (52,6%) қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл блогында тіркелген. Бұл халықтың мұқият, тәуекелдерді ажыратып, цифрлық ортаның қауіптерін түсіне бастағанын білдіреді. Мұндай өсу мемлекеттік органдардың, банктердің және құқық қорғау құрылымдарының белсенді жұмыс жүргізуімен, сондай-ақ медиа және әлеуметтік желілерде киберқауіпсіздік тақырыбын кеңінен жария етуімен байланысты.
Кредит беру қаржылық сауаттылықтың ең күшті сегменті болып қала береді. Респонденттердің жартысынан көбі кредиттердің қалай жұмыс істейтінін түсінеді: артық төлем, төлемдер мен кірістердің арақатынасы туралы біледі. Бұл қаржылық сананың өскенін білдіреді. Бірақ тәуекелдер әлі де бар: 2-ден астам кредиттің болуы және кешіктірудің салдарын жете түсінбеу.
2025 жылы қаржылық сауаттылық деңгейін зерттеу қазақстандықтардың біртіндеп білімнің неғұрлым сапалы кезеңіне - хабардар болудан саналы әрекетке ауысқанын көрсетті. Бұл ретте басты қауіп білімнің жетіспеуі емес, оларды іс жүзінде шектеулі қолдану болып қала береді.
Отбасылық бюджетті жүргізу
Респонденттердің пікіртерімі респонденттердің тек 15,7%-ы барлық кірістер мен шығыстардың есебін үнемі жүргізетінін, тағы 14%-ы кірістер мен шығыстардың негізгі көздерін анықтаумен шектелетінін көрсетті.
Осылайша, халықтың шамамен 30%-ын қаржылық тұрғыдан тәртіпті деп жіктеуге болады. Сонымен қатар, азаматтардың 52,3%-ы шығыстарды эпизодтық түрде немесе қажет болған жағдайда ғана бақылайды, ал 17%-ы бюджетті мүлдем жүргізбейді. Тұрақты жоспарлаудың ең елеулі қиындықтары 22-29 жас тобында байқалады, мұнда тек 19,3%-ы бюджетті тұрақты негізде жүргізеді, бұл көбіне өмір сүру шығындарының жоғары болуымен байланысты.
Қаржылық жоспарлау құралдарын пайдалану да шектеулі болып қалып отыр. Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы (48,8%) ешбір есепке алу құралын қолданбайды. Қаржысын қадағалайтындардың ішінде мобильді қосымшалар (15,9%) және электрондық кестелер (14,7%) жиі қолданылады. Жастар цифрлық шешімдерді көбірек қолданады (18,4%), дегенмен әрбір екінші жас респондент (49,2%) қаржылық есепті мүлдем жүргізбейтінін мойындады, бұл технологияға қол жеткізу ғана емес, тұрақты дағдыларды қалыптастырудың маңызды екенін көрсетеді.
Қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз төлемді таңдау
2025 жылы елімізде қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арасында нақты теңгерім қалыптасты. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді таңдағандар үлесі 26,1%-дан 39%-ға дейін өсті, ал қолма-қол ақшаны таңдағандар үлесі де 25,6%-дан 37,6%-ға дейін өсті. Нақты таңдауы жоқ адамдар саны 0,4%-ға дейін қысқарды. Жастар қолма-қол ақшасыз төлем әдістерін жиі пайдаланады (40,2%), алайда барлық жас топтарында қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды таңдайтындардың арақатынасы жақын екені байқалады – 37-39% шегінде.

Толығырақ "Бюджетті жоспарлаймыз " бөлімінде оқыңыз
Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер: инвестор үшін нені білу маңызды
Кредит алдындағы кідірту: онлайн- қарыздар кезіндегі шешім қабылдау кезеңі
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт