Fingramota.kz балаларға арналған қаржы детективінің сегізінші шығарылымын ұсынады

time 11.11.2022
aye 2788
Fingramota.kz балаларға арналған қаржы детективінің сегізінші шығарылымын ұсынады

«Күміс теңге» операциясы» атты танымдық қаржылық детективінің кезекті шығарылымы онлайн-алаяқтық тақырыбына арналған.

Сегізінші шығарылымда Мұрат пен Ерке кибералаяқтармен бетпе-бет келіп, оларға өздерінің жеке және төлем деректерін бере жаздайды, ал Алиша бейтаныс әйелге сеніп, төмен бағамен сапасыз тауар сатып алады.

Бұл оқиға балалар үшін қалай аяқталатынын «Балаларға арналған қосымшалар» деген бөлімнен оқыңыздар (https://fingramota.kz/kk/kids-app/publication/kmis-tege-operaciyasy-balalar-arzhy-detektivi-8-blim).

Балаларға арналған қаржы детективі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық бойынша арнайы қосымшасы аясында «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде шығатынын еске саламыз. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған. Әр шығарылымда оқыту комиксі, экономикалық ойын және қаржылық сөздік бар, бұл балаларға өткен материалды тез бекітуге және қаржылық жоспарлаудың негізгі дағдылары мен қаржылық алаяқтармен бетпе-бет келгенде қауіпсіздік ережелері туралы білуге мүмкіндік береді.

Детективтің барлық шығарылымдары біздің сайтымызда, «Балаларға арналған қосымшалар» деген бөлімде мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылған.

white-arrow Тізімге