Жалғыз және қайталанбайтын: орнықты әрі сенімді құпиясөздерді қалай жасауға болады

time 27.09.2022
aye 4869
Жалғыз және қайталанбайтын: орнықты әрі сенімді құпиясөздерді қалай жасауға болады

Алаяқтардың құрбанына айналмас үшін және өзіңіздің идентифика ттау деректеріңізді қорғау үшін мобильдік банкингте, электрондық поштада, әлеуметтік желілердегі аккаунттарда және сан алуан сайттардағы аккаунттарда өз жеке кабинетіңізге бірегей, сенімді және әр түрлі құпиясөздер жасау маңызды. Fingramota.kz бірнеше пайдалы ұсыныстар береді.

Киберқылмыскерлер құпиясөздерді бұзу, сонымен қатар сіз және сіздің картаңыз туралы ақпарат алу үшін күрделі заманауи технологияларды қолданады. Мысалы, бұл пайдаланушылардың құпиясөздерінде қолданылатын үлгі сөздерді қамтитын, кіріктірілген құпиясөз сөздіктері бар бағдарламалар не брутфорс-алгоритмдердің көмегімен символдардың сан алуан түрлерін сұрыптайтын бағдарламалар болуы мүмкін – бұл біреудің құпиясөзін табуды көздейтін автоматтандырылған әрекет.

Алаяқтар өздерін беделді және танымал ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, фишинг-шабуылдарды жиі ұйымдастырады. Олар әлеуметтік инженерия әдістерін қолданып, пайдаланушылар құпия деректерді өз еркімен беру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Қаскүнемдер клон-сайттар жасайды немесе олардың көмегімен қажетті мәліметтерді ұрлау мақсатында азаматтардан зиянды қосымшаны жүктеуді өтінеді.

Алаяқтықтан қорғану тәсілдерінің бірі күрделі, мысалы, сұрыптау әдісімен жасалған құпиясөздер болып табылады оларды бұзу оңай емес. Сондықтан интернеттегі деректердің қауіпсіздігіне көбірек назар аударған жөн және Serik26091983 немесе Osen12345 сияқты жеңіл құпиясөздерді орнатпау керек.

Толығырақ «Абайлаңыз алаяқтар» бөлімінен оқыңыз.

white-arrow Тізімге